Жапонияда білім алу

Для тех, кто интеDSC07366Жапония мәдениетімен ғана қызығып қоймай, болашақта «Күншығыс елінде» білім алу мүмкіндігін қарастырып жүргендер үшін Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігімен (JICA) бірлесіп, Жапонияның жетекші ЖОО-ның қатысуымен «Жапонияда білім алу» Көрмесін өткізеді. Көрме жыл сайын Алматы және Астана қалаларында Цукуба Университеті, Нагоя Университеті, Осака Университеті, DSC08568Рицумейкан Университеті, Тохоку Университеті, Жапонияның Халықаралық Университеті, Азия-Тынық мұхит Университетінің қатысуымен өтеді. Университеттердің өкілдері Университеттің білім алу саласындағы еңбегі, шетелдік студенттерге арналған бағдарламалар мен шәкіртақылар жайында таныстырып кетеді. Барлық келушілерге жеке сұхбат жүргізіп, қызықтырған сұрақтарыңыз бойынша кеңес алуға болады, осылай көптеген пайдалы ақпаратқа қол жеткізе аласыз.

Ақпарат бұрышыDSC01087
Жапонияда білім алу жайында ақпарат алғыңыз келсе, Қазақстан-жапон орталығына Жапонияның 59 университеттері мен жеке меншік мектептері жайындағы мәліметтері бар «ақпарат бұрышын» көрсеңіз болады.