Мүшелік әр материалдан (кітап, журнал, DVD,CD) 5-еуден алуға мүмкіндік береді: кітаптар – 2 апта, қалған материалдар – 1 апта.
- Кітапханаға тіркелу үшін жеке куәлік немесе туу туралы куәлік қажет (картаға арналған фотосурет Орталықта шығарылады). Мүшелік билетін алуда жасқа шек қойылмайды.
- “禁” белгісі бар материалдар үйге берілмейді.
- Материалдың берілуі кітапхана мүшесінің қатысуымен карта бар болғанда ғана жүзеге асырылады, қайтаруда кез келген 3-нші тұлғаға рұқсат етіледі.
- Егер материалды өткізу күні мейрамға сәйкес келсе, онда Сіз оны келесі жұмыс күні өткізе аласыз.
- Қолдану мерзімін материалға сұраныс болмаған жағдайда ғана создыра аласыз.
- 1 жылға – 3000 тг
- 6 айға – 1700 тг
- 3 айға – 1000 тг
Жауапкершілік:
- Оқырман материалды жоғалтса не зақым келтірсе, сондай материалмен ауыстыруға немесе 3 еселі құны мөлшерін төлеуге міндетті.
- Кітапханадан алған материалдар белгіленген мерзімде қайтарылуы тиіс. Кешіктірген жағдайда күніне 100 тг айыппұл төленеді.
- Картаны қайта басып шығару – 100 тг.