Бизнес

17   Қазақстан-жапон орталығы бәсекелі ортада кәсіпкерлерді тиімді жұмыс атқаруға оқыту үшін бизнес курстар жүргізеді. Курстарды Жапон орталығының үйретуші-кеңесшілері мен жапондық сарапшы-практиктері өткізеді. Бұл курстарда тыңдаушылар болашақта іске асыру мақсатында бәсекелестік жағдайында кәсіпті басқаруға қатысты терең білім алып, практикалық дағдыны бойына сіңіреді. Ерекше көңіл ұқыпты өндіріс, сапаны бақылау және Қазақстанда Кайдзен философиясын өрлету тақырыбына бөлінеді. Орталық тәжірибелі қазақстандық және жапондық кеңесшілердің басқаруымен кәсіпорындарда кайдзен-семинарларды іске асырады. Осындай тренингтерге қатысушылардың Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі есебінен ұйымдастырылатын «Жапонияда практикалық бизнес-курс» аясында жапон кәсіпорындарына баратын ерекше мүмкіндігі бар.

Жапон орталығы кәсіпкерлерге арналған ашық және корпоративтік тренингтерден бөлек, көрмелер мен бизнес-кездесулерді ұйымдастырады, сонымен қатар кайдзен және ұқыпты өндірісті енгізу бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеді. Қазақстандық компаниялар соңғысына үлкен қызығушылық танытып келеді. Аталған тақырыптағы тренингтерден өткен соң бірнеше компания іс жүзінде жоғарыда айтылған концепцияны сәтті қолданып, кейбіреулері өнімділіктің артуына қол жеткізе алды. Өндіріс үдерісін оңтайландыру арқасында еңбек өнімділігі артты, шығын азайып, кіріс көбейді, кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші төмендеді.

Қазақстан-жапон Орталығының бизнес-бағдарламалары жайындағы толық ақпарат «тренингтер» және «консалтинг» бөлімдерінде.