Жапон тіліндегі шешендік өнердің 20 Орталық Азия конкурсының қорытындысы

2016 жылғы 30 сәуірде жапон тіліндегі шешендік өнердің Орталық Азия конкурсы өтті. Конкурсқа 5 мемлекеттен 17 қатысушысы қатысты: Өзбекістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменістан және Қазақстан. Әрбір қатысушының жапон тіліндегі деңгейі жоғары болғандықтан, қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. Алайда біз барлық қатысушыларды жаңа достар мен тәжірибеге ие болуымен құттықтаймыз!!!
Жаңбырлы күндерге қарамастан конкурс қатысушыларына арналған Алматы қаласы бойынша арнайы экскурсия сәтті өтті! Барлық қатысушыларға Көктөбе мен Көктөбеге апаратын жол қатты ұнады!

Конкурс нәтижелері:
1 орын: «Толық болу проблема емес» тақырыбымен Бобожонова Зилола (Өзбекстан)
2 орын: «Өз болашағымды батылырақ таңдайық» тақырыбымен Варибрус Яна (Қырғызстан)
3 орын: «Шынайы махаббат» тақырыбымен Жураева Малика (Өзбекістан)
4 орын: «Махаббат пен достық» тақырыбымен Шелипова Светлана (Қазақстан)
5 орын: «Кризис – жаңа мүмкіндіктер уақыты» тақырыбымен Иманбекова Тогжан (Қазақстан).

ҚР-дағы мұғалімдер ассоциациясы ҚР-дағы Жапония елшілігіне, ҚР-дағы Бизнесмендер ассоциациясына, ҚР-дағы Жапондықтар ассоциациясына, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге, Жапон қорына және Қазақ-жапон орталығына, сонымен бірге аталған іс-шараны ұйымдастыруға көмектесетін барлық волонтерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз!

Сізді Қырғызстанда болатын жапон тіліндегі шешендік өнер бойынша келесі конкурста асыға күтеміз!

Қатысушылардың өнерін Youtube арнасынан көруіңізге болады:

https://www.youtube.com/channel/UCASwedLLT3_FaEmlZX53YbA