Курстар жайлы

 Курстардың сипаттамасы

JF курстарының ерекшелігі
Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының жапон тілі бөлімі 2011 жылдың қазан айында Жапон Қорымен ынтымақтастық орнатқалы бері тек жапон тілін ғана оқып қоймай, жапон мәдениетімен де жақын танысу мүмкіндігі туды. JF курстары Алматы және Астана қалаларында өтеді.

Жапон тілінің деңгейлері
Жапон тілінің деңгейлері JF стандартына сәйкес келеді. Тілді меңгеру 6 деңгейден 3 кезеңге бөлінген: қарапайым-бастауыш (A1, A2), орта-жоғары(B1, B2) және жетік деңгей (C1,C2).

6 levels JL in russian revisedhttp://jfstandard.jp/summary/ja/render.do

Оқулықтар және оқыту әдісі
Оқу құралы ретінде Жапон Қоры құрастырған “Маругото. Жапон тілі мен мәдениеті“оқулығы қолданылады. “Маругото.Жапон тілі мен мәдениеті“оқулығы жинақтамасына “Кацудохэн”(сөйлеу тіліне көңіл бөлінеді) және“Рикайхэн”(грамматиканы жүйеленген түрде оқыту) атты екі оқулық кіреді. Жапон орталығы осы екі оқулықты теңгерімде ұстайтын жапон тілінің курстарын ұсынады.“Маругото.Жапон тілі мен мәдениеті“оқулығы, негізінен, жапон тілін шетелде үйренемін деушілерге арналып құрастырылған. Бұл оқулық топиктерге бөлініп, қазіргі Жапония жайлы ақпараттарды суреттер арқылы көрсеткен. Сол себепті оқулықты ашқан кезде Қазақстанда болсаңыз да Жапонияда жүргендей әсер аласыз.
Мәліметтер тек көру арқылы ғана емес, сонымен қатар есту арқылы да (аудио тыңдау) қабылданады. Бұл әдістің күнделікті ана тілін үйрену әдісінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сіз жапондардың сөйлегендерін тыңдай отырып, жапон сөздерінің қалай дыбысталатынын үйренесіз. Уақыт өте сіз де дәл жапондар секілді сөйлеп кететін боласыз.
Жапон орталығында жапондық оқытушылар болғандықтан, өткен материалдарды сол оқытушылармен сөйлесуде және хат алмасуда белсенді түрде қолдана аласыз.
Әр топқа қатысты толық сипаттама төменде берілген.

•    Маругото А1: Бастауыш кіріспе курс
Бұл деңгейде Сіз жапондықтардың алдында өзіңізді және өз отбасыңызды таныстыруға, мейрамханада тапсырыс беруге және көптеген т.б. үйренесіз.  Жапон тілін жаңадан бастағысы келетіндерге арналған бастауыш кіріспе курс.

photo MARUGOTO A1

•    Маругото А2-1: «Маругото А1» деңгейінің 1-нші жартысын аяқтағандарға арналған бастауыш курс
Бұл деңгейде Сіз достарыңызға өз қалаңызды таныстыруға, оларды кездесуге шақырып, уақытты көңілді өткізуге және хат арқылы шақырып, кешіккен жағдайда алдын ала хабарлауға үйренесіз.
marugoto shokyuu1 A2 shihan-ban photo

Маругото А2-2: Бастауыш кіріспе курсын толық және «Маругото 1-А2» оқулығының 1-нші жартысын аяқтағандарға арналған курс
Бұл деңгейде Сіз өз қалауыңыз, арманыңыз және өзге мәдениетпен танысқан тәжірибеңіз жайында әңгімелеп беруге үйренесіз. Сонымен қатар көкке шығуға қатысты жоспар құрып, денсаулық сақтау жайында кеңес беріп, отбасы мен достарды түрлі мерекелермен (туған күн, үйлену той және т.б.) құттықтай алатын боласыз.

•    Маругото A2-3:«Маругото 1-А2» оқулығын толық аяқтағандарға арналған курс
Бұл деңгейде достарыңызбен кешті көңілді өткізу үшін мейрамханада үстелді брондауға, тағамдардың арасында қайсысы дәмді екені жайында кеңес беруге, саяхат жоспарын құру кезінде қажетті ақпаратты жинауға, сонымен қатар, жапон сайттарында түрлі заттарды сатып алуға үйренесіз.

 

Маругото А2-2-page-001

•    Маругото A2-4: «Маругото 2-А2» оқулығының 1-нші жартысын аяқтап, бастауыш деңгейді толық аяқтайтындарға арналған курс
Бұл деңгейде Сіз туристік жерлерді, танымал адамдарды сипаттап, қоршаған ортаны сақтауда орындап жүрген шараларыңыз  жайында әңгімелеп, осы сәтке дейінгі өміріңіз жайында баяндап жазып беруге үйренесіз.

   Маругото A2-В1: «Маругото 2-А2» оқулығын толық аяқтағандарға арналған курс
Бастауыш деңгейін аяқтап, орта деңгейге өтетіндерге арналған курс. Бұл курс таныс емес жаңа сөздерді алдын ала оқу секілді дайындықты қажет етеді. Егер бастауыш деңгейде тіл үйрену тыңдалым арқылы жүргізілгенге  көп көңіл бөлінсе, бұл деңгейде көбінесе оқылым арқылы жүзеге асады. Тыңдаушының көңіл күйін ескеретін сөз тіркестерін меңгеруге бағытталған және т.с.с. мәнді де мазмұнды диалогты жүргізуге қажетті  жаттығулар жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі тақырыпта қысқаша сөз сөйлеуге үйренесіз.

•    Маругото В1: «Маругото А2-В1» оқулығын толық аяқтағандарға арналған курс (орта деңгей)
Бастауыш-орта деңгейді аяқтап, орта деңгейге өткендерге арналған курс. Бұл деңгейде Сіз Жапонияда болған кезіңізде нағыз/табиғи жапон тілін қолдана отырып, түрлі шараларды жүзеге асыра алатын боласыз. «Маругото В1» оқулығы арқылы грамматика мен жаңа сөздердің бақылауынсыз табиғи жапон тілін оқисыз. Сонымен қатар 4 дағдының стратегиясын оқи отырып, сол дағдыларды бірдей етіп дамыта аласыз. Үнемі рөлдік ойындар мен ұзақ сөз сөйлеу жаттығулары жүргізіліп жатады.

img_marugotoB1_h

Сабақтар уақыты:
•    Күндізгі топ:  15:30 ~ 17:30
•    Кешкі топ:  18:30 ~ 20:30
Сабақтар аптасына 2 рет 2 сағаттан өтеді.  1 семестр 4 айға созылады: күзгі семестр (қыркүйек-қаңтар) және көктемгі семестр (ақпан-маусым). Әр топта 15-20 адамнан. Сабақ кестесін мына жерден көрсеңіз болады (сабақ кестесіне сілтеме).  Сонымен қатар әр семестрде 1 рет жапондық қонақтармен кездесу және мәдени үйірмелер өтіп тұрады.

Тыңдаушылар:
Жас санаты – 10 жастан жоғары. Әр семестр аяқталған кезде Жапон орталығынан сертификат беріледі.
Семестрді аяқтау шарты:
Тыңдаушы сабаққа қатысуы бойынша 60%-дан кем емес және үлгерімі жағынан (емтихандар мен үй тапсырмалары) 60%-дан көп алуы тиіс.
Курсқа жазылу:
Көктемгі семестрге қаңтар айынан бастап, күзгі семестрге шілде айынан бастап қабылданады. 2 семестрден бөлек жазғы интенсивті курстар да өтеді.  Курстарға дүйсенбі – жұма аралығында телефон, электрондық пошта арқылы жазылуға болады.

Төменде «Маругото курстарынан» өзге де курстар көрсетілген:
Жапон жазуын үйрену курстары
Хирагана мен катакананы үйрететін 2 апталық курс. Негізгі курстың алдында жапон әліппелерін бірге үйренейік.

JLPТ дағдылану курсы
N1- N5 деңгейлеріне арналған курстар бар. Сабақ барысында түрлі көптеген жаттығуларды талдай отырып, JLPТ емтиханына дағдыланасыз.