Консалтинг

 

«Өнімділік Безымянный2020» бағдарламасының аясындағы мемлекеттік қолдауға байланысты Қазақстандық кәсіпкерлер арасында Кайдзен жүйесіне үлкен қызығушылық танытып келеді. Семинарлардан өткен соң бірнеше компания іс жүзінде осы концепцияны сәтті қолданып, кейбіреулері өнімділіктің артуына қол жеткізе алды. Өндіріс үрдісін оңтайландыру арқасында еңбек өнімділігі артты, шығын азайып, кіріс көбейді, кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші төмендеді.

Қазақстан-жапон орталығы жақсартулар бойынша жұмысты бастағысы немесе жалғастырғысы келетін кәсіпорындар мен компанияларға Жапония сарапшысы мен қазақстандық кеңесшілердің консалтинг қызметтерін ұсынады.

Кеңесшілердің жұмыс кестесі кәсіпорында кездесу барысында тікелей, солардың арасында онлайн келіссөздер арқылы, сонымен қатар электронды хат арқылы кеңес алуға мүмкіндік береді. Қысқа кеңестер беретін кәсіпорынның алғашқы диагностикасы тегін. Диагностиканың нәтижесі, кеңесшінің ұсынымдары мен кәсіпорын өкілінің қалауы бойынша жақсарту енгізетін аумақ/орын таңдалады.

Консалтинг семинарын жүргізу барысында басталған АҚ СК Стройкласс компаниясына жапондфото-для-сайта2ық кеңесші Хаджиме Сузукидің көрсеткен көмегін жарқын мысал ретінде келтіре аламыз.

«Мен ұқыпты өндіріс философиясының, меніңше, қызық құралдарын белсенді түрде енгізе бастадым. Олардың саны өте көп: олар –  5S-тің ұстанымдары, комбан, пока-йока және т.б.  Барлық техникалық және теориялық нюанстарын сақтай отырып, барлығын ережеге сәйкес орындағанмен, ойдағыдай шықпады. Нәтижесінде қайтадан ақау туындап, шығынға ұшырадық. Уақыт апталап, айлап өтіп жатты – енгізу үрдісі тұрған орнынан қимылдамай, бар компанияның қозғалысын тежеді. Туындаған жағдай Жапонияның ең танымал кеңесшілерінің бірі Сузуки мырзаның келуінен кейін сапалы түрде өзгерді. Ол маған біздің бәрін дұрыс істегенімізді айтты. Бірақ Жапония бұндайға жету үшін 300 жыл кетіргенін, ал біз бірнеше айда нәтижеге жеткізіміз келетінін түсіндірді. «3 ғасырдың оқиғасын жылдамдатуға болмайды, барлығын біртіндеп кезең-кезеңмен енгізу керек, бірақ бір уақытта емес. Бір ингредиенттен бастап, қосымша дәмдеуішпен дәмін өзгерту керек», – деген кеңес берді. Аяғында біз керемет нәтижеге қол жеткіздік», – деп Ергалиев мырза ризашылығын білдірді (Стройкласс компаниясының негізін қалаушы).

(Forbes-ғы мақаладан. kzhttp://forbes.kz/process/businessmen/put_samuraya)

фото-для-сайта1