Тренингтер мен семинарлар

    Тренингтер мен семинарларды Жапон орталығының үйретуші-кеңесшілері мен жапондық сарапшы-практиктері жүргізеді. Бұл курстарда тыңдаушылар болашақта іске асыру мақсатында бәсекелестік жағдайында кәсіпті басқаруға қатысты терең білім алып, практикалық дағдыны бойына сіңіреді.

14 жылдық қызметі барысында Қазақстан-жапон орталығы кәсіпкерлерге арналған 4000 адам қатысқан 180 бизнес курс өткізді.

Жапон орталығының семинарлары мен тренингтерінің тақырыбы:

18

  • Энергоменеджмент жүйесі
  • Тиімді маркетинг
  • Клиентпен жұмыс
  • Ұқыпты өндіріс/Кайдзен
  • ИСО стандарты
  • Өндіріс пен сапаны басқару
  • Жапондық менеджмент мектебі
  • Toyota өндірістік жүйесі (TPS)

 

 

Біз семинарлар-тренингтерді компанияларда (тапсырыс берушінің территориясында), орталықта ( жабдықталған дәрісхана бар) өткіземіз. Алматыда, Астанада және аймақтарда. Қазақстан мен Жапонияда.

Қатысу үшін жазылу: тел.: +7(727)377 13 45 немесе e-mail: bcd@kjc.kz

 

 «Өндіріс пен сапаны басқару. Кайдзен»

«Жапонияға баруға іріктеу (грант) арқылы» атты

семинарға шақырамыз

 

​7-9 ақпан 2017 ж. Алматы қ.

Жүргізуші:
Хаджиме Сузуки (Жапония)
Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) сарапшысы, инженер-кеңесші, Жапония өнімділік орталығының кеңесшісі, Азия өнімділік ұйымының сарапшысы.

Семинарда:
Өнімділік пен сапаны басқарудың жапондық әдісін дұрыс түсіну. Жапониядан тыс елдерде жапон әдісін қолдану мысалдары
КАЙДЗЕН құрамдас бөліктері. КАЙДЗЕН стратегиясы мен практикалық бағыт (проблемаларды тиімді анықтау және проблемаларды тиімді шешу)
Сәтті 5S-тің құпиясы — Практикалық 5S, үлгілері және т.б.

Мақсатты аудитория:
Кіші және орта өнеркәсіп жетекшілері, сапа бөлімінің менеджерлері мен мамандары, жақсарту ісімен айналысатын компаниялар қызметкерлері.

Кайдзен философиясын кез келген салада(өндірісте ғана емес)  қолдануға болады, сол себепті жақсартуларды енгізкісі келетін барлық компанияларды  семинарға шақырамыз.

Ұзақтығы: 15 сағат (5 сағат бойы 3 күн)
Тілі: орыс тілі (аудармашы арқылы)
Бағасы: ​762​00 тн. (ҚҚС-пен бірге)

1-нші күн

Семинарға кіріспе. Жүргізуші мен оның тәжірибесі жайында.

Өндірісті басқару. (шолу). Зерттеу үшін ұнамды тақырыптарды таңдау
Кейс стадии (мысалдар);
Сапаны бақылау, жобалауды бақылау;
Шығындарды бақылау.

2-нші күн

Қорды бақылау (материалдар, аяқталмаған өндіріс,өнім);
Өндірістік үрдісті бақылау (жоспарлау, кесте құру) және жеткізуді басқару;
Адам ресурстарын бақылау;
Жабдықтарды басқару;
Үрдіс пен жұмысты талдау.

3-нші күн

Практикалық 5 S, мысалдары;
Проблемаларды тиімді анықтау және проблемаларды тиімді шешуге практикалық бағыт;
Өндірістің үдемелі жүйесі.
Қорытынды. Тест.

 

Жапон орталығымен бірге өркендеңіз!