Жапонияда тәжірибелік курстан өту

Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы

Алматы және Алматы облысындағы компанияларға!

Тұрақты жетілдірудің жапон философиясы – Кайдзен жайында білу мүмкіндігін ұсынамыз. Толықтай тегін!

Егер сіздің компанияңыз Жапонияда білім алуға қатысты қызығушылық танытса, бізге Кайдзен жайында 1-сағаттық дәріс, жұмысты жақсарту әдістері мен гранттық/гранттық емес бағдарламалар бойынша хабарласыңыз. Біздің маман сіздің кәсіпорныңыз/компанияңызға барса немесе сіздің компанияңыздың қызметкерлері ыңғайлы дәрісханада пайдалы ақпарат алуға келсе болады.

Сонымен, біз

— жетекшінің міндетті қатысуымен 5 адамнан көп қызметкерлерге арналған презентация-дәріс өткіземіз;

— Кайдзеннің негізгі ұстанымдарымен таныстырамыз, Жапония Үкіметінің қолдауы ретінде Қазақстан кәсіпорындарына арналған (әзірге мүмкін!) Жапонияда білім алып қайту мүмкіндігі жайлы әңгімелеп береміз.

— үш негізгі бағдарламаны ұсынамыз және шарттары жайлы түсіндіріп өтеміз: «Өндіріс пен сапаны басқару бойынша екі сатылы бағдарлама», «Агросаладағы компанияларға арналған бағдарлама», «Тойота өндірістік жүйесі бойынша Жапонияда өтетін тренинг». Сіздің Жапонияда білім алу бойынша нақты сауалыңыз бар ма? Біз сізбен ақылдаса отырып, Жапонияда өткіңіз келген бағдарламаны таңдаймыз.

Кайдзен — өндірістің үздіксіз жетілдіру үдерісі, көмекші бизнес-үдерістер мен басқаруды өңдеу, сонымен қатар өмірдің барлық аспектілеріне аса көңіл бөлетін жапон философиясы немесе практикасы.

Бизнесте «Кайдзен» — өндірістен бастап жоғары басшылыққа дейін, қатардағы жұмысшыдан бастан директорға дейінгі үздіксіз жақсарту. Стандартты әрекеттер мен үдерістерді жақсарта отырып, кайдзеннің мақсаты — шығынсыз өндіріс (Ұқыпты өндіріс). Алғаш рет кайдзен философиясын бірнеше жапон компанияларында ( Тойотаны қосқанда) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына келтіру кезеңінде қолданған болатын, содан бері бүкіл әлемге таралды. «Кайдзен» термині Масааки Имаидің сол терминге аттас кітабының (1986, Kaizen: The Key to Japan’s Competitive Success) арқасында танымал болды және менеджменттің басты концепцияларының бірінің белгісі ретінде қабылданды.

Жапон тілінде «кайдзен» сөзі «үздіксіз жетілдіруді» білдіреді. Бұл жетілдіру үдерісіне бәрі — менеджерлерден жұмысшыларға дейін —  қатысады, сонымен қатар оны жүзеге асыруда аздаған материалды шығыс керек болады. Кайдзен философиясы біздің өміріміз толығымен (еңбек, қоғамдық және жеке) үздіксіз жақсаруға ұмтылу керек дегенді жобалайды.

 http://ru.wikipedia.org/wiki/Кайдзен

Жапон менеджменті және Тойота өндірістік жүйесі (TPS)

Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы Жапонияда өтетін «Жапон менеджменті және Тойота өндірістік жүйесі» бойынша жапон басқаруының ұстанымдарын, оның адам ресурстары мен өндірісті басқару саласында тиімділігін зерттеу үшін тренингке шақырады.

Топтағы қатысушылар саны: 10 адам.
 Ұзақтығы: 7 күн/6түн.
 Өткізу мерзімі: топ жиналғанда
 Бір адамның қатысуының бағасы: 4200 АҚШ дол. (төлеген күніне сай теңге курсы)

Бағдарлама тілі: ағылшын тілінен орыс тіліне аударады (аудармашы)

 

Бағасына кіретіні:

1.    «TruspireCo., Ltd.» компаниясынан «Жапон менеджменті» семинары,IMGP0028
2.    «Toyota Engineering Corporation-да» тренинг ,
3.    Toyota автоқұрастыру зауытына бару,
4.    Үлестірме материал,
5.    Әуежайда күтіп алу және шығарып салу,
6.    Қонақ үйлерде тұру,
7.    Визалық қолдау көрсету,
8.    Ауызша аудару және үлестірме материалды аудару,
9.    Танысу экскурсиясы

*бағаға тамақтану (Toyota Engineering Corporation-да болған кездегі түскі астардан бөлек), соңғы күні көрікті жерлерге бару кезіндегі шығындар кірмейді.

Аяқталысымен қатысушылар Toyota Engineering Corporation-нан тренингтен өткендігі жайлы сертификат алады.

Агро-бизнес бойынша бағдарлама

Қазақстан Республикасының кіші және орта агро-бизнесіне көмек ретінде!

Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (KJC) Қазақстан Республикасының агросаласындағы кәсіпорындарға арналған «Өндіріс пен сапаны басқару. Кайдзен философиясы» бойынша жаңа екі сатылы бағдарлама жайлы хабарлайды.

«Кайдзен» — өндірістің үздіксіз жетілдіру үдерісі, көмекші бизнес-үдерістер мен басқаруды өңдеу, сонымен қатар өмірдің барлық аспектілеріне аса көңіл бөлетін жапон философиясы немесе практикасы.

Бизнесте «Кайдзен» – өндірістен бастап жоғары басшылыққа дейін, қатардағы жұмысшыдан бастан директорға дейінгі үздіксіз жақсарту, сонымен қатар оны жүзеге асыруда аздаған материалды  шығыс жұмсайды. Кайдзеннің мақсаты — барлық үдеріс шығынсыз (Ұқыпты кәсіпорын).

Бірінші саты — Қазақстанда корпоративті форматта Компанияның қызметкерлерінің теориялық және практикалық дайындығы ретінде 10-12 сағат көлемінде «Кайдзен» концепциясымен таныстыру мақсатында агро-бизнес кәсіпорындарына арнап семинар-тренинг өтеді. Тренинг жүргізушісі: Ұқыпты өндіріс және Кайдзен саласындағы Жапон орталығының қазақстандық үйретуші-кеңесшісі.1233456

    Екінші саты — тәжірибелік курс (агро-бизнес бойынша курс) Жапонияның Обихиро қаласында өтеді. Курс семинарлар мен жапон агро-бизнес компанияларына барудан тұрады. Қатысушылар практикалық тәжірибемен танысып, басқару саласындағы білімін тереңдетеді. Сонымен қатар жолдама жапон кәсіпорындарымен іскерлік қатынас орнату мүмкіндігін береді. Тренингке кіріспе семинар-тренингтен өткен кәсіпорын/компанияның 1 (бір) өкілі қатыса алады. Екінші саты, тәжірибелік курстың (агро-бизнес бойынша курс) бағасы: тегін (компанияның 1 өкілі). Жапония жағы ұшақ билеті, әуежайдан және әуежайға трансфер, Жапонияның агро-бизнес кәсіпорындарына трансфер, қонақ үй, тамақтану, білім алу, тәуліктік ақыны төлейді, Жапонияда болған уақыттағы сақтандырумен толық қамтамасыз етеді, аудармашы ұсынады.