Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Жапон тілі көктемгі семестр 2023

🌸Мұнда сіз ересектер мен жасөспірімдерге (13+) арналған жапон курстарының келесі семестріне тіркеле аласыз.

👤Курс жапон тілін нөлден үйрене бастағысы немесе жапон тілі оқуды жалғастыру келетіндерге арналған.

Егер Сіз біздің орталығымызда оқыған болып, жалғастыратын топқа кірсеңіз келсе, сізге осы өтініш берудің қажеті жоқ. Бізбен JLC@kjc.kz пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз (толық аты-жөніңізді, тобыңызды, қолайлы уақыт пен күнді жазуыңызды сұраймыз).

🌸Барлық өтінімдер семестрге дейін толық қарастырылады.  Келесі семестрдің басталуына дейін ұзақ уақыт бұрын өтініш берген жағдайда, жылдам жауап күтпеулеріңізді өтінеміз. Түсіністіктеріңізге алдын-ала рахмет!

📚Біздің бағдарлама тілдік кедергісіз табиғи қарым-қатынасқа баса назар аудара отырып, барлық төрт дағдыны (сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау) дамытуды қамтиды.

🌸Көктемгі курс жайлы

  • 🌐Сабақ форматы: офлайн және онлайн;
    • Эпидемиологиялық жағдайға байланысты оффлайн сабақтар онлайн форматқа ауысу мүмкін.
  • 📍Өткізу орны: KJC Алматы, KJC Астана, Zoom (онлайн);
  • 🕰️Уақыты: таңертең (10:30-12:30), түстен кейін (15:30-17:30) немесе кешке (18:30-20:30);
    • жұмыс күндері аптасына 2 рет.

🌸Бастапқы деңгей

  • 🔰Оқу мерзімі: 30 қантар ~ 23 маусым 2023 г.* (~4 ай); *Аяқталу күні өзгеруі мүмкін.
    • Бірінші 2 апта ― интенсивті түрде аптада 5 рет 1 сағат бойы өтетін әліппені оқу.
  • 🔰Төлем: толық курс 65,000 теңге;
  • 🔰Төлеу мерзімі: 9 қантар – 22 қаңтар 2023 г.

❗Тіркелу соңғы күні ― 8 қаңтар!

🌸Жалғастырушы деңгей

  • 💠Оқу мерзімі: 13 ақпан ~ 23 маусым 2023 г.* (~4 ай); *Аяқталу күні өзгеруі мүмкін.
  • 💠Төлем: толық курс 55,000 теңге;
  • 💠Төлеу мерзімі: 23 қаңтар ~ 5 ақпан 2023 г.

❗Тіркелу соңғы күні ― 22 қаңтар!

🌸Курсқа тіркелу

⚠️Топтар 10-15 немесе одан да көп адам қабылданған шартпен ашылады.

📌Тіркеуден кейін не істеу керек?

  1. 🔜Қаңтар айында құрылған топтар туралы электрондық хатты күтіңіз;
  2. 🔜Төлем мәліметтері қоса берілген келісімшарт үлгісі бар электрондық хатты алыңыз;
  3. 🔜Курсқа төлеп, Whatsapp-қа чек жіберіп, келісімшартты толтырыңыз.

❗Өтінімте жазған электрондық поштаңызды тексеріп жүріңіз.

📝Өтінімті толтырып курсқа тіркелу: