Орталық жайында

2000 жылы тамыз айында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті мен Қазақстандағы Жапония Елшілігі көрсететін Дамуға ресми көмек бағдарламасы (JODA) аясында жұмыс істейтін Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (JICA) Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығын ашу жайында Талқылау Хаттамасына қол қойды. Он жыл бойы жоба КазЭУ қабырғасында сәтті жүзеге асып келді. 2012 жылы 1 қазанда Қазақстандағы JICA жобасының аяқталуына байланысты Жапон Орталығы Қазақ Экономикалық Университетінің құрылымына өтті.
Сонымен қатар Орталық жапон тілін оқыту саласында Жапон Қорының (Japan Foundation) сарапшыларының қолдауымен қызмет етеді. Жапон Орталығының мақсаты – нарықтық экономика жолында Қазақстанның адам ресурстарының дамуына өз үлесін қосу. Орталық іскерлік басқарудың кәсіби курстарын, жапон тілінің курстарын жүргізіп, соған қоса Қазақстан және Жапония халықтарының өзара түсіністігін тереңдетуге бағытталған іс-шараларды өткізеді. Орталық есігі барлығына – студенттерге, мұғалімдерге, кәсіпкерлерге және Жапония жайында көп ақпарат алып, екі елдің арасындағы мәдени байланысты дамытамын деушілерге ашық.

Орталық жайында видео: https://www.youtube.com/watch?v=5G5sVUtaOZs
Жапон стиліндегі «Банзай» жазғы лагері: https://www.youtube.com/watch?v=viVzFkxlykA