Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Қазіргі таңда Жапонияның жоғары және ЖОО-дан кейінгі оқу орындарында, сонымен қатар мамандандырылған мектептерінде 18,000-нан астам адам оқып жатыр (2014 ж. 1 мамырдағы ақпарат).
2008 жылы Жапония үкіметі жаңа бағытты жариялады: «шетелдік студенттер санын 300,000 адамға дейін жеткізу». Бұл – 2020 жылға дейін Жапониядағы шетелдік студенттер легін 300,000-ға жеткізуге тиісті мақсат.
Егер Сіз Жапонияда білім алғыңыз келсе, онда білім алудың 2 түрі бар екенін білуге тиістісіз. Біріншісі – Жапонияның өзінде немесе тыс жерде алған шәкіртақымен оқу, екіншісі – Жапонияда жеке қаражатпен оқу.
Қазақстан—жапон орталығының кітапханасында Жапонияда білім алуға қатысты пайдалы ақпарат – университеттер тізімі, түрлі университеттер жайындағы толық материалдар мен құжаттар – табасыз. Сонымен қатар қажетті ақпаратты төменде көрсетілген сайттардан да таба аласыз.
«Жапонияда білім алу бойынша жалпы нұсқаулық»:
http://www.studyjapan.go.jp/jp/index.html (жапон тілінде)
http://www.studyjapan.go.jp/ru/index.html (орыс тілінде)
Төмендегі сілтеме арқылы өтіп, Жапония үкіметі демеушілік ететін шәкіртақы жүйесін көріңіз:
http://www.mext.go.jp/a_menu/koutou/ryugaku/06032818.html (жапон тілінде)

Сонымен қатар, Жапония Үкіметі ұсынатын MEXT шәкіртақылық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар. Егер Сіз өтініш бергіңіз келсе, ҚР-дағы Жапония Елшілігі (Астана қ-сы) дәнекерші болады. Жапон орталығындағы немесе жоғарыда көрсетілген ақпаратпен толық таныс болған жағдайда ғана Жапония Елшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.
ҚР-дағы Жапония Елшілігі
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ-сы
Шұбары ықшамауданы, Космонавтов көш., 62, 5-нші қабат
Тел.: +7(7172)977-843
Бұдан басқа, университеттердің жеке шәкірақылары жайында ақпаратты Студенттерге көмек көрсететін Жапон Ұйымының (JASSO) сайтынан таба аласыз.
http://www.jasso.go.jp/shogakukin/index.html(жапон тілінде)

Және Қазақстан студенттеріне арналған «Болашақ» шәкіртақысы бар.
Толығырақ келесі сілтемеде: http://www.bolashak.gov.kz/index.php/ru/

Ақпараттық бұрыш

Жапонияда білім алу жайлы мәліметтер аламындеушілерге “Ақпарат бұрышы“ұсынылады. Бұл жерден Жапонияның 59 астам университеттері мен жеке мектептері жайлы мәліметтер таба аласыздар.